Қостанай қаласында қазіргі таңда 1237 көпқабатты тұрғын үй бар. Оларға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, біртұтас сәулеттік келбет беру жоспарға алынған болатын. Осы орайда биыл облыс орталығындағы 57 нысанға жалпы соммасы 2,3 млрд теңге болатын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.