Үздік былғары қолғап шеберлері Қостанайда! Осымен жиырма бесінші рет Тобыл өңірінде Орал және Қорған Әйтеновтерді еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі өтуде. Спорт сарайының шаршы алаңындағы бәсеке бес күн аралығында көрініс табатын болады. Астықты алқапта өрбіген аламанның ашылу салтанатында тілшіміз де болып қайтты.