Өңірде вандализмге қарсы акция өтті
Вандализмге жол жоқ! Қостанай облысында осындай ұранмен «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері табиғи және тарихи ескерткіштерді вандализмнен қорғау акциясын өткізді. Республикалық ауқымды шараны жас белсенділер Ахмет Байтұрсынов ескерткішінен бастады. Эко-акцияға еріктілер мен облыстық мәдени мұраны қорғау орталығының мамандары атсалысты.