153 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын
Қостанай облысында су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған отбасылар үшін 153 тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталуға да жақын қалды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен қоғам белсенділері құрылыс барысымен танысып, болашақ пәтер иелерімен кездесті.