Қазақстан үйренетін емес, үйрететін, тұтынатын емес, өндіретін мемлекетке айналуға тиіс. Мемлекет басшысының бұл сөзін қостанайлық жастар басты бағдарға алған. Техникалық шығармашылық мектебінің оқушылары, өндіріс саласына серпін беретін үздік құрылғыларды әзірлеу үстінде.