Қостанай облысында соңғы бес айда өндірістік жарақат 91,7 пайызға өскен. 61 адам жазатайым оқиғаның салдарынан зардап шегіп, 9-ы қайтыс болған. Тобыл өңірі республика бойынша бұл ретте көш басында тұр. Соған қарамастан, бірде бір жұмыс беруші сотталмаған. Қостанайда жиын өткізген ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы атқарылып жатқан жұмыстарды нәтижесіз деп бағалап, сынға алды.