Қостанайда жылдың соңына дейін 350 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Оның 98 мыңы бюджеттік қаражат есебінен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бес процентке артық. Өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны облыстық әкімдікте өткен кеңесте талқыланды.