Қостанайда  «Ғылымдағы әйелдер» атты өңірлік форум өтті. Бұл іс-шараны «Аманат» партиясы жанындағы «Әйелдер қанаты» ұйымдастырды. Форумда ғалым қыз-келіншектердің өмірі мен ілім-білімге қосқан үлесі дәріптеліп, үздіктер марапатталды.