Қостанайда Нұрғиса Тілендиев атындағы “Отырар сазы” фольклорлы-этнографиялық оркестрінің “Өз елім” атты қайырымдылық концерті өтті. Ұжымға Нұрғиса Тілендиевтің қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Нұрғисақызы жетекшілік етті. Кеш тасқыннан зардап шеккен тобылдықтарды қолдауға арналды.