Ана мен бала денсаулығы - ұлт болашағы. Елімізде әйелдерді медициналық қызмет түрлерімен қамту деңгейі күшейе түскен. Қуантарлығы, ана мен бала өлімі азайған. Көрсеткішті еселей түсу үшін медициналық мекемелерде түрлі іс-шаралар қолға алынған. Биыл алғаш рет аталып өткен Аналар күні мерекесіне орай Қостанайдағы №2 қалалық емханада ашық есік күні өтті. Жүкті әйелдер кезексіз әрі тегін дәрігердің тексерісінен өтті.