Қостанайлық ардагерлер бейбіт өмірде де өңірдің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Олар қоғамдық, саяси, спорттық салаларда белсенді. Облыс орталығында қазыналы қарттарға бар жағдай жасалған. Аға-буын өкілдері үшін арнайы компьютерлік сынып, заң үйірмесі және тағы басқа секциялар жұмыс істейді. Ардагерлер кеңесінің бүгінгі тыныс-тіршілігі қалалық әкімдікте талқыланды.