Қостанайда ардагер журналист, сатирик-жазушы Дәмір Әбіштің 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті. Лев Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Тағылымды жиынға жерлесіміздің замандастары, қоғам қайраткерлері, оқырмандар мен студенттер қатысты.