Қостанай облысындағы қарғын су басқан оңтүстік өлкеге Қорғаныс министрлігінің әскери ұшқыштары көмекке келді. Көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының экипаждары адамдарды эвакуациялауға кірісті. Арқалық қаласы мен Аманкелді, Жангелдин аудандарында төтенше жағдай режимі жарияланды. Жағдай күрделі. Облыс әкімі де қазір халықпен бірге сонда су кешіп жүр. Құмар Ақсақалов жағдайды өзі бақылауға алды.