Қостанай облысының оңтүстік бөлігін су басты. Шалғайдағы тұрғындар шұғыл шара қабылдануы керек, деп дабыл қағуда. Әйтпесе, жағдай ушығуы мүмкін. Қазір Амангелді ауданы мен Арқалық қаласында қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Оған 30-дан астам техника жұмылдырылды.