Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осылайша елді мекендерде екі жыл ішінде жаңа медициналық-санитарлық нысандар бой көтеретін болады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Қостанай облысында 25 медициналық нысан салынбақ. Оларды қаржыландыруға 349 476,9 мың теңге бөлінген.