Білікті маман даярлау үшін оқу орындарында сапалы білім берілуі керек. Бұл, қазіргі күні құқық қорғау саласы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Осы ретте, Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқыту үрдісіне жаңа курстар мен пәндер енгізілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметте өткен брифингте баяндалды.