Жер біздің басқа да табиғи ресурстарымыз сияқты Қазақстан Конституциясымен халыққа тиесілі деп айқындалған. Игерілмеген дала алқаптарын мемлекет меншігіне қайтару осы заңды негізге алады. Президент пәрмен бергелі, пайдаланылмай, бос жатқан жерлерді ел игілігіне ұсыну бойынша әр өңірде тиісті жұмыстар атқарылуда. Қостанай облысы көлемінде де орындалған міндеттер оң сипаттық. Бұл туралы жауапты департамент басшысы баяндады.