Елімізде енді «Азаматтарға арналған электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан бас тарту құқығы беріледі. Бұған, қазіргі таңда дербес деректерді қорғауда мемлекеттік бақылау болмағандықтан, интернет алаяқтардың көбейіп, олардан мыңдаған қазақстандық зардап шегіп жатырғаны түрткі болды. Сондықтан, заң дербес деректердің айналымы мен сақталуы бағытында мемлекеттік бақылауды күшейтеді.