Аймақ экономикасының негізін құрайтын саланың бірі - шағын және орта бизнес. Лисаковск қаласында кәсіпкерлік көкжиегі жылма жыл кеңейіп келеді. Бұл, жұмыссыздықты азайтып, жергілікті бюджетті нығайтуға септігін тигізуде. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шағын шаһардың әкімі осы бағытта жүзеге асырылған жобалар туралы баяндады.