Өңірде қызылшамен сырқаттанушылардың саны артты. Осы уақытқа дейін 107 жағдай тіркелген. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен хабарлады.


Дерт жұқтырғандардың дені Қостанай қаласында. Дәлірек атқанда, 77 жағдайды құрап отыр. Медицина мамандарының пайымдауынша, бұл дертке шалдыққандардың көбі вакцина алмағандар. Олардың қатары 65,4%. Оның ішінде егу жасына жетпегендердің үлесі – 21% (22 жағдай). Жалпы статистика бойынша Әулиекөлде 3, Қостанайда 6,  Денисов пен Жітіқарада 1 жағдайдан, Рудныйда осы дертті жұқтырған 9 адам тіркеліп отыр. Олардың ең көп бөлігін төрт жасқа дейінгі балалар құрайды.