Түйткілі көп жол жайы – тұрғындар үшін әрдайым өзекті. Биыл республикалық маңызы бар тас жолдарды жөндеуге 22,9 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде оның 87 пайызы игерілді. Жалпы облыс бойынша жөнделген асфальттың ұзындығы 533 шақырымды құрайды. Өңір басшысының қатысуымен өткен жиында атқарылған жұмыстарды сала мамандары баяндады.