Рудный-Қашар автожолының 21 шақырымында 53 жастағы жүргізуші «Мерседес» маркалы автокөлігінің рөліне ие бола алмай, жолдың жиегіне аударылды.

Оқиға салдарынан екі жолаушы қаза тапты. Жүргізушінің өзі және тағы үш жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі, тиісті сараптамалар тағайындалады, олардың нәтижелері бойынша шешім қабылданады, делінген ведомствоның хабарламасында. Ауа-райының нашарлауына байланысты полиция департаменті жүргізушілерге жазғы резеңкені қысқы түріне ауыстыруды, сондай-ақ көлік жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы еске салады. Айта кетейік, бұл күндері тас жолдарда патрульдеу күшейтілді. Осы уақыт ішінде полицейлер қиын жағдайға тап болған 30 жүргізушіге көмек көрсетті.