Қостанайда кітапсүйер қауым мен көркемсөзге шебер жастардың қатысуымен «Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» атты поэзия кеші өтті. Тобыл-Торғай өңірінен шыққан әйгілі ақын-жазушылардың рухани мұрасы насихатталды. Сонымен қатар, жас жазушылар өздерінің туындыларымен бөлісіп, көрерменнің көзайымына айналды.