Қостанайда жыл соңына дейін 52 автобус пайдалануға беріледі. Бұл қала ішінде қатынайтын қоғамдық көлік мәселесін шешуі тиіс. Апталық жиын барысында «Айкөмек» ахуалдық орталығының жұмысын талқылаған шаһар басшысы Марат Жүндібаев осылай деді. Орталыққа келіп түскен арыс-шағымдар тағы қандай сауалдарға қатысты? Олар шешімін қалай таппақ?