Елімізде білім сапасының деңгейін жақсартумен қатар, білім беру орындарының инфрақұрылымын жаңарту да күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, көптеген студент тиісті талаптар сақталмайтын ескі жатақханаларда тұруға мәжбүр. Бұл туралы Қостанайда өткен жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңесте айтылды.