Негізгі Жаңалықтар «Амангелді дүбірі» кеші өтті

«Амангелді дүбірі» кеші өтті

Облыстық филармония жаңа маусымның шымылдығын Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламамен ашты. Айтпай Мұздахановтың «Амангелді дүбірі» күйі зал ішіне 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің атмосферасын алып келгендей әсер етті. Сипаты да, аспаптардың үні де, орындаушылардың шеберлігі мен тыңдаушылардың рухтануы да бір-бірімен астасып, Қостанайда өзгеше бір әуен қалықтады.

Бөлісу