Жақында Назарбаев даңғылы бойындағы жол қозғалысына өзгерістер енгізілмек. Қыркүйек айының соңында онда қосымша бағдаршамды іске қосу жоспарланып отыр. Бұған себеп - жол бойында орналасқан жер үсті өткелінің қолайсыздығы. Салдарынан жаяу жүргіншілер көше ережесін бұзуда. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын осы мәселенің алдын алу үшін қоршау салу мақұлданған болатын.