Жер қатынастарын реттеп, оны ұтымды пайдалану және қорғауды ұйымдастыру. Жыл басынан бері жер қатынастарын реттеу бөліміне 1 200-ге жуық өтініш келіп түскен. Олардың тең жартысы комиссия отырысында талқыланып, мақұлданған. Бұл туралы қала әкімінің қатысуымен өткен жиын барысында мәлім етілді.