Балалар жазғы демалысын қалай өткізеді?
Тағы бір оқу жылы аяқталуға жақын. Өңір мектептері сонғы қоңырау мен оқушылардың қорытынды емтихандарын өткізу жұмыстарына дайындықты бастап кеткен. Ағымдағы жылы білім ордаларындағы түлектердің 81 пайызы 18 мамыр мен 5 шілде аралығында ұлттық біріңғай тестілеу тапсырады. Ал жаз мезгілінде жасөспірімдер мен оқушылар демалыстарын қалай және қайда өткізбек? Бұл сауал облыс әкімінің төралығымен өткен жиын барысында талқыланды.