Жол сапасы стандартқа сай болуы тиіс
Жол саласында шешімін таппаған көп мәселе бар. Қате жоспарлау, өңірдің ауа райын ескермеу, құрылыс кезінде сапасыз материалдарды пайдалану, тағы басқасы. Өткен жылы Қостанай облысындағы жолдарда 700-ден астам кемшілік анықталған. Биыл бұндай олқылықтар болмауы тиіс. Төселген асфальттың сапасы бойынша «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» тексеру жұмыстарын бастады.