Шағын және орта бизнесті дамыту – жұмыссыздықты жоюдың тетігі. Және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы да осы салаға байланысты. Биыл Қостанай облысында жеке ісін ашқан азаматтар қатары артып, өнім көлемі ұлғайған. Ендігі міндет – шаруаны ширатып, инвестиция тартуды көбейту. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.