Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Денисов және Қамысты аудандарына барды. Өңір басшысы жолдардың сапасы мен ұялы байланысқа қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Билік пен халықтың арасындағы байланысты нығайта түсу керек, деді. Құмар Ақсақалов ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып, сауалдарына жауап берді.