«Ана тілім - ардағым». Рудныйда осындай тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараның мақсаты қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын көпшілікке насихаттау.