Облыс орталығында 1-ші сәуірден бастап санитарлық-экологиялық айлық басталады. Қостанайда жалпықалалық және коммуналдық сенбіліктер мен ағаш отырғызу, ауланы абаттандыру жұмыстары жоспарланып отыр. Ұйымдастырылатын іс-шаралар қалалық әкімдікте талқыланды.