Дәстүрдін жаңылмаған Әулиекөл ауданының тұрғындары Ұлыстың Ұлы күнін кең көлемде атап өтті.  Мерекенің жақсы өтуіне бір кісідей атсалысқан халық  орталық алаңды той-думанға айналдырды. Киіз үйлер тігіліп, салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындар насихатталды. Әулиекөлдіктер ұйымдастырған мейрамның ерекшелігін әріптесіміз тарқатады.