Қостанайда сайлау учаскелері пандустармен жабдықталған. Мүгедектігі бар жандар үшін барлық жағдайлар жасалды. Облыс әкімінің тапсырмасымен сайлау учаскелерін паспорттау және оларды қолжетімділік картасына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Аумақтық комиссияларға жергілікті атқарушы органдардан мүмкіндіктері шектеулі адамдар туралы деректер берілген болатын. Осылайша, интерактивті қолжетімділік картасына барлық сайлау учаскелері енгізілді.