Қостанай облысында үш бірдей жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам зардап шекті. Ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға жедел жеткізілді. Барлық оқиға ауа райының күрт өзгеруі кезінде, ара қашықтықты сақтамау салдарынан болған. Полицейлер көлік жүргізушілерге ауа райының бұзылуы кезінде қашықтық пен маневр жасау ережелерін сақтау керек екенін ескертеді.