Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы дала әміршілері» атты көрме ашылды. Іс-шараның басты мақсаты сақ-сармат дәуірінің теңдессіз қазыналары болып табылатын ежелгі өнер туындыларының маңыздылығын насихаттау. Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылған шара Қазақстан бойынша алғаш рет өтіп жатыр.