Жаңа идеяларға жол ашық. Қостанайлық жастар биыл 20-ға жуық тың жобаларды жүзеге асырмақ. Мемлекет басшысы Қазақстанның ең үлкен жетістігі жастар екенін алға тартып, оларға әркез қолдау болатынын айтты. Баспанамен қамту, жас ғалымдарға бөлінетін гранттардың артуы, «Жас кәсіпкер» жобасының іске қосылуы секілді бастамалар маңызды. Енді, олардың қатары толыға түспек.