Қостанайлық құтқарушылар көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын бастады. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің айтуынша, облыста 90 елді-мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан. Алдын алу үшін рейдтік жұмыстар жүргізіліп, тиісті шаралар қолға алынуда.