Ағымдағы жыл 110 отбасы үшін есте қаларлықтай басталды. Олар бүгін қоныс тойын тойлап жатыр. Юбилейный шағын ауданындағы нөмірі 49 көп қабатты тұрғын үй қолданысқа беріліп, облыс әкімі пәтер кілттерін табыстады. Тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған.