Жазасын өтеп шыққан азаматтарға барлық уәкілетті мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар көмектесе алады. Бұл бағыттағы шаралар арнайы пилоттық жоба аясында қарастырылған. Қостанайдағы түзеу мекемесінен еркіндікке шыққан жобаның алғашқы қатысушысымен Әйгерім Төлепова әңгімелесті.
Пилоттық жобаны іске асыру үшін қараша айынын басында сотталғандарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Оған мемлекеттік және жеке меншік кәсіп орындарының өкілдері қатысты. Ұйымдастырылған шарада екі қолға бір күрек  тапқандардын бірі Александр Вильгельм. Мамандығы бойынша, Мендіқара ауданынан, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс ұсынған. Жатын орынмен де қамтамасыз ететін болады.