Жылу беру маусымы басталғалы облыста өрт оқиғалары да жиілеген. Тек өткен аптада ғана 16 төтенше жағдай тіркелген. Көбі жеке секторлардағы тұрғын үйлерде болған. Құтқарушылар, бұған қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп, дейді.  
Елімізде жылыту маусымы басталғалы бері өрттің алдын алу шаралары тұрғындарға  жан-жақты түсіндіріліп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметкерлері халыққа барынша сақ болуды ескертеді. Тек бір аптаның ішінде Қостанай облысының аумағында 16 төтенше жағдай тіркелген. Салдарынан 2 адам көз жұмған.