Қостанайдағы №830  сайлау учаскесінде де таңғы 7 ден бастап адам қарасы үзілген жоқ. Мұнда 2470 сайлаушы тіркелген. Олардың арасында алғаш дауыс беріп жатқандар мен қарттарға арнайы сыйлықтар табысталды.
Тобыл аренада ерекше атмосфера. №830 сайлау учаскесі осында орналасқан. Мұнда патроиоттық әндер шырқалып, дауыс берушілерге жақсы көңіл күй  сыйлауда. Таңертенен осы учаскеге тіркелгендердің 30 пайызынан көбі өз таңдауларын жасап үлгерген. Олардың қатарында Динара Шөкежанова да бар. Ол сайлау учаскесіне отбасымен бірге келген. Айуынша, балалардын бойындағы патриоттық сезімді дамытып, дұрыс жол көрсету маңызды. Сол себепті оларды да ерте келген.