Астанадағы жаңа скверлердің біріне Ұлыбритания Патшайымы екінші Елизаветаның есімі беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Патшайымы екінші Елизаветаны мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысқан Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Жоғарғы палата спикері Вестминстер холлында Патшайымның табытын зиярат ету рәсіміне қатысып, Қазақстан атынан ресми көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Ол екінші Елизавета аса көрнекті көшбасшы және британ ұлтының бірлігі мен тұрақтылығының символы болғанын, алдағы уақытта да Патшайымның тектілігі, қадір-қасиеті мен жетістіктері әлемдегі миллиондаған адамды жігерлендіре беретінін атап өтті.