Биылғы жыл - тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып отыр. Осыған орай, өңірде  мерекелік іс-шаралардың жоспары жасалынып,  бекітілді. Қазақтың азаттығының отыз жылдығын мерекелеуге жауапты мекемелер  қызу дайындықпен кірісті. Тәуелсіздік мерекесіне орай тың жобалар  тапсырылмақ.

Биылғы жылдың әр айы мерекелік іс шараларға құрылған. Облыста  «Тәуелсіздік тағылымы», «Шежіре ғұмыр» жобалары іске қосылды. 10 ақпанда «Игі істер марафоны» қайырымдылық акциясы бастау алды.  Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық - түлік, киім - кешек таратылды. Кыркүйек айында  «Тиімді бизнес – эконмиканың негізі, ал қазан айында  – «Ауылым – алтын бесігім» деген атаумен акция өтеді. Сондай-ақ, «Индустриалдық-инновациалық даму. Сандық экономика» деген  тақырыпта  іс шаралар ұйымдастырылады.   Жоспарланған игі бастамалар облыста қоғамдық ұйымдардың көмегімен іске асырылатын болады.

Мерейтойға арналған игі істер облыстың түк-түкпірінде өткізіледі.  Қазақстанның 30 жылда жеткен жетістігі мен облыста атқарылған игі істерді халық арасында насихаттау мақсатында бірқатар тележобалар да эфирге жол тартады.  Мысалы, «Qostanai» арнасымен аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуы турасында 12 имидждік бейнеролик  әзірленбек. Облыстың әр аймағында тәуелсіздік мерекесіне  арналған ісшаралар ауқымды деңгейде өткізілуі керек. Өңір  әкімі  аудан, қала басшыларына  осындай тапсырма жүктеді.