16 желтоқсан – тарихтағы ұлы күн. Тәуелсіздік – біздің ең басты бақытымыз. Өз елінің патриот, отансүйгіш өрендері осылай дейді. Шараның көздегені де осы. Жеткіншектерді елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.  

Шара барысында қатысушылар Қазақстанның өткені мен бүгінін саралап қана қоймай, болашағына да ой жүгіртті. Тәуелсіз еліміздің тамыры - жасампаздық рух болса, тұғыры - тіл, ұраны - ел мен халық. Олай болса, өміршеңдік пен кемелділік аясында бейбіт әрі тату ғұмыр кешіп жатқан туған жеріміз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған ұстаным бойынша тек өркендеп, алға баса бермек.

Елу жылда ел жаңа дейді халық даналығы. Ал біз елу емес, небәрі 26 жылда қарыштап дамыған, төрткүл дүние мойындаған ел болдық. Өзгелер ғасырлап өтетін, ал біреулері мүлдем мақрұм кететін тарихи жолды бар болғаны ширек жасқа жетпей тәмамдадық. Ол да болса Елбасымыздың, кешегі бабалар ерлігінің рухын алған, ертеңгі ұрпағына жол салған бүгінгі замандастарымыздың, сіздер мен біздердің еселі еңбектеріміздің арқасы.