Өңірді дамытуға бағытталған «Туған жер» бағдарламасымен мазмұндас «Көркейе бер, Қостанай» жобасы биыл да жалғасып жатыр. Осы жылы кәсіпкерлер қолдауымен 227 жоба жүзеге асырылмақ. Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған осы тәріздес жұмыстарды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы баяндады.

Аудан-қалаларда атқарылған жұмыстар да жетерлік. Мысалы, Рудный қаласында заманауи «Аят Фитнес Премиум» спорт залы, Бейімбет Майлин ауданы Валерьянов елді мекенінде  жаңа стадион салынды. Меценат Сапар Ысқақовтың демеушілігімен Амангелді ауданында әмбебап спорттық-сауықтыру кешені ашылды.

Мәжіліс аясында мәлім болғандай, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша бірнеше ауданда жұмыс өте баяу орындалып келеді. Атап айтқанда, Алтынсарин, Сарыкөл мен Ұзынкөл, Қарабалық және Меңдіқара аудандарында тиісті іс-шараларды ширата түсу керек.