Заңсыз нысандар мен жарнамаларға бақылау күшейтілді
10 айдың ішінде абаттандыру ережесін бұзғандарға 80 айыппұл салынған. Ол 7 млн 300 мыңнан асады. Ал толтырылған хаттама саны - 5188. бұл былтырға қарағанда 9,1 пайызға көп. Сондықтан, ескертуге қарамай, қайтадан заң бұзатын адамдармен полиция жұмысты күшейту қажеттігін қала әкімінің орынбасары атап өтті.
Шаһар көркіне кедергі келтіріп, ереже бұзатындардан бөлек тағы бір мәселе барын атап өтті қала әкімінің орынбасары. Ол дүкендер мен сауда орталықтарынан жалға алған жердің басқа мақсатта қолданылуы. Дәлірек айтсақ, бос тұрған жерді иелері тағы да дүңгіршек етіп, жалға беруі. Бұл учаскелердің бастапқы мақсатына қарама-қайшы.
2026 жылы қаланың әртүрлі аудандарынан 66 павильон шығарылды. Атап айтқанда, Алтынсарин, Чкалов, Чернышевский, Орджоникидзе, Баймағамбетов, Дулатов, Қайырбеков, Матросов, Карбышев, Быковский, Маяковский, Гоголь, Әл-Фараби, Чехов көшелерінде және Жастар бульварында жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар, Сити-центр аумағында 8 заңсыз нысан бұзылды.
Сыртқы көрнекі ақпараттар мәселесіне тоқталар болсақ, қалада жарнамалық құрылымдарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Олардың сыртқы келбеті бірыңғай сәулеттік стильге келтірілуде. 2023 жылы 1, 24 жылы 13, 25 жылы 35, биыл 17 жарнама орны бұзылды.