Негізгі Жаңалықтар Баспана құрылысы: 2 қала, 3 аудан жоспардан қалып келеді

Баспана құрылысы: 2 қала, 3 аудан жоспардан қалып келеді

Облыстың 2 қаласы мен 3 ауданы тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша артта келеді. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының өкілі мәлімдеді.

Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен отырыста өңірдегі тұрғын үй құрылысының қазіргі жағдайы, жоспарланған нысандардың іске асырылу барысы және белгіленген көрсеткіштердің орындалуы талқыланды.

Осы сатып алынған пәтерлер көп жағдайда Отбасы банкі арқылы реттеліп, тұрғындарға беріледі. Банктің мәліметінше, ЖАО берген 829 үйдің 623-і тұрғындарға табысталған. Олар жалға берілетін үйлер. Енді қалғаны 206 үй. 

Құмар Іргебайұлы бұған дейін де құрылыс экономика дамуының драйвері екенін айтып келеді. Мәселен, 2022 жылы 187 млрдқа құрылыс жұмыстары орындалса, биыл бұл қаражат 476 млрдқа дейін жеткен. Биылғы міндет 520 мың шаршы метрлік үйді тұрғындарға табыстау. 

Әрине, Президент айтқандай, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты ең алдымен баспана мәселесіне тікелей байланысты. Биліктің де алға қойғаны сол. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, қолжетімді әрі жайлы баспана тұрғызу. 


Бөлісу